КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ

Колледж директоры Өтеев Дінмұхамет Балғабекұлы

- жалпы басшылық жасау;

- колледждің стратегиясын анықтау;

- заңдар мен құқықтық актілерді жүзеге асыру және қадағалау;

- құрылтайшылардың шешімдерін іске асыру және бақылау;

- педагогикалық кеңеске басшылық жасау;

- кадр саясатын дамыту;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметтеріне жататын бағыттарға жетекшілік етеді және аталған бағыттар бойынша, басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылдар жасайды.

Индустриалды инженерлік-экономикалық колледжі - бұл техникалық және кәсіптік білім беру оқу орны.

Колледж 2004 жылы Экономика және Қаржы колледжі болып ашылды. Ал 2013 жылы «Индустриалды инженерлік-экономикалық колледж» болып атауы өзгертілді.

Қазіргі уақытта экономиканың үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін білімі мен білігі бар ең озық мамандар қажетКолледж өз студенттеріне қаржы, есеп және аудит, қонақ күту қызметі, аударма, есептеу және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер мен технологиялар, электрмен жабдықтау, ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану бойынша арнайы орта білім береді.

2012 жылы тәжірибе алмасу мақсатымен Нежин агротехникалық институтымен келісімге қол қойылды.

2013 жылы біздің колледжге ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мақсатында Николай Васильевич Гоголь атындағы Нежин мемлекеттік университетінің делегациясы келді. Сонымен қатар, осы жылда колледж мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті, ал 2020 жылы келесі мамандықтар бойынша институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті: 1403000 - Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша), 0507000 - Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру, 0902000 - Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша).

Колледжде заманауи материалдық-техникалық база құрылған, колледж аудиториялары интерактивті тақтамен, компьютерлермен, көрнекі құралдармен, кітапхана, зертханалық бөлмелермен, интернет-залмен, спортзалмен, асханамен жабдықталған. Оқытушылар құрамы жоғары білікті мамандардан құралған.

Біздің басты мақсатымыз - өндіріс пен технология саласында мамандар даярлап, білім сапасын арттыру.

Егер сіз сұранысқа ие мамандықты алғыңыз келсе - біздің есігіміз сіздер үшін әрдайым ашық!

 

Нұр-Сұлтан қ. ЖШС «Индустриалды

инженерлік-экономикалық колледжінің»

директоры

Өтеев Дінмұхамет Балғабекұлы

 

 

FaLang translation system by Faboba
Наверх